Лента новостей

FlyArystan Каспий әскери қызметшілердің жақын туыстарына тегін әуебилеттер ұсынады

тасымалдау, туыстар, Каспий, әскерилер

Air Astana компаниялар тобы, оның ішінде FlyArystan, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне тегін әуебилеттер ұсынады, деп хабарлайды Arnapress.kz әуекомпанияға сілтеме жасап. 

Тегін әуебилеттер 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында орындалатын Air Astana және FlyArystan компанияларының барлық ішкі рейстеріне жарамды.

Жақын туыстарына:

ата-аналары;
жұбайлары;
балалары;
туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады.

Әуебилеттерді рәсімдеу кезінде туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

FlyArystan бойынша:

Email: help@flyarystan.com
Телефон: +7 727 331 10 10
*WhatsApp: +7 702 702 0227

Air Astana бойынша:

Өтініш формасы арқылы;
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Онлайн-чат: airastana.com

Air Astana компаниясының брондау және ақпарат орталығы тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді. 

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (93)