Лента новостей

"Қазақстан темір жолы" пойыздарында спутниктік интернет енгізілуде

пойыз, жолаушы, интернет, спутник

"Қазақстан темір жолы" жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау жұмыстарын кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөзіне сілтеме жасап.

8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Starlink интернеті 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында, яғни 770-тен астам вагонда қолжетімді. Қыркүйек соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, немесе 1 235 вагонды интернетпен қамту жоспарланған.

Спутниктік интернеттің жылдамдығы секундына 100 мегабитке дейін жетеді. Бұл жолаушыларға сапар кезінде жақындарымен байланысып, жұмыс істеуге, онлайн оқуға және қажетті мемлекеттік немесе банктік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жолаушыларға тегін базалық интернет пакеті ұсынылады. Оның аясында WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламалар алмасуға қосымша ақы алынбайды.

Жоба ҚТЖ мен "Транстелеком" компаниясының серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда.

Фото: ЖИ

Просмотров (103)
ТопДок 1