Лента новостей

Абай облысында 74 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

мото, шара, тәртіп, көлік

4–6 қыркүйек аралығында Абай облысының аумағында мотоцикл, мопед және өзге де мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Іс-шараның негізгі мақсаты - екі дөңгелекті көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.

Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарының:
тіркелуін және мемлекеттік нөмірінің болуын;
қажетті құжаттарының болуын;
жүргізушінің көлік басқару құқығын;
техникалық жағдайын;
мотошлем мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 288 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде: 88 - нөмірсіз немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген, 14 - міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 62 - жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдігі мен мотошлем талаптарын бұзған, 64 - көлік басқару құқығы жоқ адамның рөлге отыруы болса,  54 - мопед және электровелосипед жүргізушілерінің жол ережесін бұзған. Сонымен қатар тіркеуден өтпеген мопедтерді басқаруға қатысты 15 фактінің алды алынды.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 74 көлік құралы арнайы айып тұрағына орналастырылды.

Полицияның атап өтуінше, мұндай профилактикалық іс-шаралардың мақсаты – құқық бұзушыларды анықтау ғана емес, ең алдымен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.

Фото: ПД

Просмотров (131)
ТопДок 1