2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 22:00-ден 8 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауды және уақытша орнатылған жол белгілеріне назар аудару сұралады.
Фото: ЖИ
