Лента новостей

Жаңасемейде жаңа кірпіш зауыты салынып жатыр

кірпіш, зауыт, кәсіпорын

Жаңасемей ауданының Приречное ауылдық округінде “TANGSOLPAN” ЖШС кірпіш зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаның жалпы инвестициялық құны - 1,5 млрд теңге. 3 гектар аумақта орналасатын заманауи кәсіпорын тәулігіне 100 мың данаға дейін, ал жылына 36,4 млн дана кірпіш өндіретін болады.

Зауытта кірпіштің 4 түрі шығарылады. Өндірістің заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталуы өңірдегі құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етіп, сырттан жеткізілетін өнімге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында 25 жұмысшы мен 5-10 арнайы техника жұмылдырылған. Электр желілерін тарту, су ұңғымаларын бұрғылау және құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңа кәсіпорын - жаңа жұмыс орындары, жаңа өндіріс және аудан экономикасына жаңа серпін.
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөзі

Просмотров (138)
ТопДок 1