2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу өтетін нысандардың бірі – “Дана” сауда үйі (ЦУМ). Осыған байланысты қаланың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.
Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов, Қабанбай батыр – Мұхамедханов және Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс уақытша шектелген.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығу барысына түсіністікпен қарауды, расталмаған ақпаратты таратпауды және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұралады.
Фото: Arnapress.kz
