Лента новостей

Банк депозиттеріне 5% салық енгізіледі деген ақпарат - жалған

банк, депозит, салық

ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша сыйақыларға 5% салық енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.

Сондай-ақ ҚР Үкіметі аталған норманың күшін жоюды немесе депозиттер бойынша алынатын сыйақыларға салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ.

Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенген жөн.

Фото: ЖИ

Просмотров (119)
ТопДок 1