Лента новостей

Семейде тұрғын үйдің камерасы мен домофонын сындырған ер адам ұсталды

домофон, камера,бұзу

Семейде 48 жастағы ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы мен домофонды қасақана сындырған. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Медициналық куәландыру барысында оның есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны расталды.

Ер адам мүлікті қасақана бүлдіргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және есірткі заттарын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (554)