Лента новостей

Абай облысында қоқыс тастаған тұрғын ұсталды

қоқыс, тастау, заңсызық, ұсталды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полицейлері құрылыс жұмыстарынан кейін қоқыс қалдықтарының ретсіз шашылып жатқанын көрсететін бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, қоқысты белгіленбеген жерге тастаған азаматты анықтады. Ол – 27 жастағы қала тұрғыны.

Полицейлер азаматпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Тұрғын өз әрекетінің салдарын түсініп, тастаған қоқыс үйіндісін өзі жинап, аумақты толықтай тазалады.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (525)