Лента новостей

Семей жылу маусымына дайын емес: облыс әкімінің орынбасарына тәртіптік шара қолданылады

Семей жылу маусымына дайын емес: облыс әкімінің орынбасарына тәртіптік шара қолданылады

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастады. Премьер-министр Олжас Бектенов жылу көздері мен жылу желілерін 1 қазанға дейін толық дайындау жөнінде тапсырма берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бір өңірден басқа барлық аймақ тапсырманы белгіленген мерзімде орындаған.

Семей қаласында жылу желілерін дайындау жұмыстары уақытында аяқталмаған.

Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (220)