Семей қаласында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға сағат 23:42 шамасында Республика көшесінде болған. Полиция қызметкерлері ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны болған.
Жүргізуші көлік басқарудан шеттетіліп, медициналық куәландыруға жеткізілді. Сараптама оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады.
Сот шешімімен ер адамға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Мас күйінде көлік жүргізу жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді.
Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин
