Лента новостей

Семейде алты студенттің банк шоттары заңсыз ақша аударымдарына пайдаланылған

заңсыз, аударым, студент, доппер, Семей

Семейде студенттердің банк шоттарын заңсыз ақша аударымдары үшін пайдаланған топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті дропперлерге қатысты заңсыз әрекетті анықтады. Тергеу барысында Семейдегі жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, студенттерге тиесілі банк карталарына ақша аударылып, кейін қаражат басқа шоттарға бөлініп отырған. Мәселен, студенттердің бірінің шотына 25 азаматтан 16 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Ақша жіберген азаматтардың интернет-алаяқтық істері бойынша жәбірленушілер екені анықталған. Олар еліміздің 11 өңірін қамтиды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеуге және күмәнді ақша аударымдарына араласпауға шақырады", - делінген хабарламада.

Фото: ҚМА видеосынан скрин

Просмотров (259)