Лента новостей

Семейде профилактикалық рейд: 356 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

құқық, бұзушылық, тәртіп, тексеру

Демалыс күндері Семей қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын тексеріп, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауға алды. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 356 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Олардың қатарында:
қоғамдық орында алкоголь ішу немесе масаң күйде жүру – 36;
абаттандыру талаптарын бұзу – 33;
отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар – 14;
тіркеусіз немесе құжатсыз тұру – 40;
қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзу – 44;
түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандар – 19.

Сонымен қатар, 10 кәмелетке толмаған бала есепке қойылды.

Полицияның профилактикалық есебінде тұрған 310 азамат тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (201)