Лента новостей

Абай облысында қару тапсырған азаматтарға 4,7 млн теңгеден астам төленді

Абай облысында қару тапсырған азаматтарға 4,7 млн теңгеден астам төленді

Абай облысында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты - азаматтардың қолында заңсыз сақталған немесе пайдаланылмайтын атыс қаруын ерікті түрде қабылдап, оны азаматтық айналымнан шығару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Шара басталғалы облыс тұрғындарынан 38 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде құқық қорғау органдарына 48 дана атыс қаруы тапсырылды. Оның ішінде 12-сі ойық ұңғылы, 36-сы тегіс ұңғылы қару.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Бүгінде облыс бойынша тапсырылған қару үшін азаматтарға 4 млн 749 мың теңге төленді.

Полиция азаматтарды қолдарында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттар болған жағдайда, оларды белгіленген тәртіппен ерікті түрде тапсыруға шақырады.

Қаруды ерікті түрде тапсыру – оның заңсыз айналымға түсуінің алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара.

Акция аясындағы жұмыстар Абай облысының аумағында жалғасуда.
Фото: ПД

Просмотров (545)
ТопДок 1