Лента новостей

Малдың қараусыз жайылуы: 8 жол апаты, 1 адам қаза тапты

Малдың қараусыз жайылуы: 8 жол апаты, 1 адам қаза тапты

Абай облысында жол апаттары салдарынан 1 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды6, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Оқиғалардың төртеуі Аягөз ауданында болып, 8 адам зардап шеккен. Сонымен қатар Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма және Үржар аудандарында бір-бірден жол-көлік оқиғасы тіркелді. Үржар ауданындағы апатта бір адам көз жұмды.

Мұндай қайғылы жағдайлардың басты себептерінің бірі - малдың қараусыз жайылуы. Бақылаусыз қалған жануарлар автомобиль жолдарына шығып, әсіресе түнгі уақытта және жарықтандырылмаған учаскелерде жүргізушілер үшін үлкен қауіп төндіреді.

Абай облысының Полиция департаменті мұндай жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 1 970 әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылықтардың ең көп саны:
Аягөз ауданында - 348;
Жарма ауданында - 287;
Көкпекті ауданында - 186;
Жаңасемей ауданында - 170;
Бесқарағай ауданында - 165.

Полиция мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмай, олардың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеуге шақырады.

Фото: ЖИ

Просмотров (338)
ТопДок 1