Лента новостей

Семейде полицейлер жоғалған 8 жастағы баланы аман-есен тапты

жоғалу, бала, полиция

Семей қаласында полицейлер жоғалып кеткен 8 жастағы баланы жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Полицияға Цемпоселок ауданындағы “Атамекен” дүкені маңында баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Бала сөйлемейтін болғандықтан және оның Ертіс өзені бағытына кетіп қалуы мүмкін деген қауіп болғандықтан, жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті.

Хабарлама түскен сәттен бастап Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, жақын маңдағы аумақ пен баланың жүруі ықтимал бағыттарды тексерді.

Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде баланың орналасқан жері анықталып, ол аман-есен табылды. Кейін бала ата-анасына тапсырылды.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Осындай жағдайларда әрбір минуттың маңызы зор.

Фото: ЖИ

Просмотров (585)
ТопДок 1