Лента новостей

“Жаңа ғана іштім”: Үржарда мас күйінде рөлге отырған жүргізуші ұсталды

көлік, мас, жүргіз, тәртіп бұзу

Абай облысының полицейлері демалыс күндері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында Үржар ауданында мас күйінде көлік басқарған 34 жастағы жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, азамат қайтадан рөлге отырған.

Полиция қызметкерлерімен сөйлесу барысында жүргізуші алкоголь ішкенін жасырмай, “Жаңа ғана іштім” деп жауап берген.

Алайда алкоголь ішкеннен кейін көлік басқару жолдағы өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Әсіресе бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған адамның қайтадан мас күйінде көлік тізгініне отыруы – заң талаптарын өрескел елемеу.

Полиция азаматтарды алкоголь ішкеннен кейін рөлге отырмауға, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған жағдайда заң талаптарын бұзбауға шақырады.

Бір сәттік жауапсыз шешім орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Фото: ПД

Просмотров (222)
ТопДок 1