Абай облысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтауға арналған ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.
7 тамыз күні сағат 10:00-де Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалында "Ұлы даланың ұлы ақыны" атты әдеби кеш ұйымдастырылады.
6–22 тамыз аралығында сағат 10:00-де Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Ақыл-ойдың алыбы" атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылады.
10 тамыз күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай алаңында ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен тағзым ету шарасы өтеді.
Сол күні сағат 12:00-де Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында жаңадан бой көтерген "Рәміздер алаңының2 ашылу салтанаты ұйымдастырылады.
10 тамыз күні сағат 15:00-де Абайдың "Жидебай–Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде "Абай бейнелеу өнерінде…" атты көрме және "Абайдың өмір деректері" атты қолжазбалар мен тарихи құжаттар көрмесі өтеді.
10 тамыз күні сағат 10:00-де Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында "Адамзаттың Абайы" атты кең көлемді кітап көрмесі ашылады.
Сол кітапханада сағат 11:00-де "Әлемге танылған тұлға" атты сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылса, сағат 15:00-де "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…" атты облыстық "Абай оқулары" байқауы өтеді.
17 тамыз күні сағат 11:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда "Дана Абайдың сазды әлемі" атты концерт көрерменге жол тартады.
Ал 22 тамыз күні сағат 17:00-де Абай атындағы театрда "Киелі Абай елі" атты қорытынды гала-концерт өтіп, Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар өз мәресіне жетеді.
Аталған іс-шаралардың барлығы ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, ұлттық руханиятты дәріптеуге және жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Фото: ЖИ
