Лента новостей

15 млн азаматтың дерегі тарады ма? Министрлік жауап берді

дерек, таратылу, жауап

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде 15 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарады деген ақпарат пайда болды. Алайда министрлік жүргізген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жарияланған деректер массивінің көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейді. Сонымен қатар eGov жүйелерінде хабарламада көрсетілгендей паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ.

Министрлік өкілдері eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғанын және 15 миллион азаматтың деректері дәл осы жүйеден алынғанын растайтын фактілер анықталмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ darknet-та сатылымға шығарылған файлдарға талдау жүргізіліп, олардың әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттер жиынтығы екені және eGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі еместігі анықталған.

Министрлік азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.

Фото: ЖИ

Просмотров (149)
ТопДок 1