Лента новостей

Абай облысының бір ауылдық округінде ірі бұршақ жауды

бұршақ, Архат, ауыл

5 тамыз күні Абай облысына қарасты Архат ауылдық округінде ауа райы күрт бұзылып, шамамен жарты сағат бойы ірі бұршақ жауды, деп хабарлайды Arnapress.kz 

Ерекше табиғи құбылысты көрген тұрғындар оның фото және бейнежазбаларын редакцияға жолдады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, түске қарай басталған жаңбыр кейін бұршаққа ұласқан. Дегенмен, табиғаттың тосын мінезінен ешқандай материалдық шығын тіркелмеген.

 

"5 тамызда түске қарай ауа райы бұзылып, жаңбыр соңы бұршаққа ұласты. Қаладан келген немерелерім аң-таң болып, терезеден қызықтадық. Қираған, сынған ештеңе жоқ. Ауа тазарып, салқындап, жақсы болып қалдық!, – дейді Архат ауылының тұрғыны.

Айта кетейік, дәл осы күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында да қолайсыз ауа райы байқалды. Қатты жел, нөсер жаңбыр, найзағай және бұршақ салдарынан 15-ке жуық ағаш құлап, шамамен 25 мың абонент электр қуатынсыз қалған болатын.

Фото: Ауыл тұрғындрынан

Просмотров (127)
ТопДок 1