Қызылорда облысының прокуратурасы 2026 жылдың басынан бері алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындамаған борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 32 қылмыстық іс тіркелді, деп Arnapress.kz хабарлайды ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі таңда тіркелген істердің нәтижесінде:
12 борышкерге қатысты айыптау үкімі шығарылды; 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды; 3 іс сотта қаралуда; 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.
Мәселен, “Ж.А.” есімді борышкер 2023 жылдан бері жиналған 12 миллион теңге көлеміндегі алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы үкімімен бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу ата-аналардың заңмен белгіленген міндеті екенін еске салып, алимент төлеу міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды.
Фото: ЖИ
