Лента новостей

Жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды

қажылық, алаяқ, алдау

Астана қаласында азаматтарды қажылыққа апарамыз деп алдап, 60 млн теңге қаражатын иемденген екі адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Олар Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған. Уәдеге сенген 37 азамат оларға ақша берген. Алайда күдіктілер алған міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған.

Сот үкімімен әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ЖИ

Просмотров (174)
ТопДок 1