Лента новостей

Семейде Қала күні кезінде 12-ден астам бала жоғалған

бала, жоғалды, табылды, қала күні, Семей

Семейде Қала күніндегі мерекелік концерт барысында адам көп жиналған жерде 12-ден астам бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әрбір өтінішке жедел әрекет етіп, балалардың барлығын қысқа уақыт ішінде тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды.

Олардың арасында шамамен екі жастағы сәби де болды. Сонымен қатар бір отбасының бірнеше баласы бір мезетте мерекелік көпшілік ішінде ата-анасынан көз жазып қалған.

Полиция қызметкерлері мерекелік шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, тұрғындарға қажетті көмек көрсетті.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (151)
ТопДок 1