Семей қаласында Мичурин және Туристическая көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Шектеу мерзімі:
15 қыркүйек сағат 22:00-ден 16 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін.
Осы уақыт аралығында қолданыстағы бетон жабындысы демонтаждалып, жаңа жабын төселеді. Осыған байланысты теміржол өткелі арқылы көлікпен жүру мүмкін болмайды.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау сұралады
Фото: ЖИ
