Лента новостей

535 млн теңге жасырын кіріс: Павлодарда жеке сот орындаушылары тексерілді

сот орындаушы, салық, жеке, сот, Павлодар

Павлодар облысының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық тәртібін сақтауына талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Нәтижесінде тексерілген 73 жеке сот орындаушының 53-інде есепке алынбаған кірістер анықталған.

Прокуратураның араласуынан кейін:
535,6 млн теңге кіріс ерікті түрде декларацияланды;
бюджетке 53 млн теңгеден астам жеке табыс салығы төленді;
салықтарды уақытылы төлемегені үшін 10,2 млн теңге өсімпұл өндірілді.

Бұзушылықтарды жоймаған жеке сот орындаушыларына қатысты салықтық тексеру жүргізу мәселесі қаралуда.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (142)
ТопДок 1