Лента новостей

Семейде кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

жол, көше, жабылу

Семей қаласындағы Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі: 2026 жылғы 20 шілде сағат 22:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін және 2026 жылғы 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулерін сұрайды.
Фото: ЖИ

Теги: , ,
Просмотров (210)
ТопДок 1