Лента новостей

Абай облысында инвесторға кедергі болған мәселе прокуратура араласуымен шешілді

жоба, инвестиция, құқық

“Invest Caravan” республикалық акциясы аясында Абай облысының прокуратурасы инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан “Техноавиа-Қазақстан” ЖШС-нің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. 

Компания Семей қаласында арнайы қорғаныш аяқ киімін өндіруге арналған өндірістік-қойма кешенін салуды жоспарлаған. Алайда инвестор инженерлік инфрақұрылымға қосылуда әкімшілік кедергіге тап болған.

Атап айтқанда, дайын кәріз желісі ұзақ уақыт бойы Семей қаласы әкімдігі тарапынан коммуналдық кәсіпорынның теңгеріміне берілмеген. Осыған байланысты инвестор су бұру жүйесіне қосыла алмаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде кәріз желісі коммуналдық кәсіпорынның теңгеріміне беріліп, инвесторға су бұру жүйесіне қосылуға рұқсат берілді.

Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін әкімшілік кедергі жойылып, инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға мүмкіндік жасалды. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура органдары үшін инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жедел жою – басым бағыттардың бірі.

Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды +7 707 144 00 16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Фото: ЖИ

Просмотров (220)
ТопДок 1