Сайтымызда бұған дейін автокөліктер мен қоғамдық көліктерге жүру, тоқтауға қиындық туғызып жүргенін хабарлаған едік, соған жауап алдық деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
"Негізгі магистральдық көшелерде, қоғамдық көлік жүретін бағыттарда, қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, автобус аялдамалары мен қалташаларында, сондай-ақ еңіс және көтерілу учаскелерінде тайғаққа қарсы материал себу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, күн барысында Қарағайлы шағынауданында қажеттілікке қарай қосымша себу жұмыстары атқарылады. Қала аумағында мердігер ұйымдар тарапынан күн сайын таңғы сағат 04:00-07:00 аралығында тайғаққа қарсы жұмыстар жүргізіледі" – деп пікір қалдырды Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Алайда көп жерлерде аталғандай жұмыстар көрінісі байқалмайды. Алдағы күндері жолдың жүріс бөлігін тазалау, жолдарды грейдерлеу, мұз қатпарларын жою және тайғаққа қарсы материалды қайта себу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады деп уәде беруде.
Фото жасанды интеллект арқылы жасалды
