Көптеген қазақстандық Жаңа жылды шетелде қарсы алуды армандаса, бұл жолы шетелдік туристер мерекелік күндерді Қазақстанда өткізуді таңдаған деп хабарлайды Arnapress тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 30 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында елге 6 924 шетелдік турист келген.
eQonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, қонақтардың басым бөлігі ірі қалаларға бағыт алған. Атап айтқанда, Алматыға 2 770, Астанаға 1 198 шетелдік турист келген. Сонымен қатар Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары да ең көп турист қабылдаған өңірлердің қатарында.
Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алған туристер саны бойынша Ресей көш бастап тұр — бұл елден 2 870 адам келген. Одан кейін Өзбекстан (857), Қытай (732), Үндістан (647), Қырғызстан (217), Тәжікстан (187), БАӘ (182), Түркия (141), АҚШ (108) және Филиппиннен (95) туристер тіркелген.
Фото жасанды интеллект арқылы жасалды
