Қазіргі уақытта Отбасы банктің ресми сайты уақытша қолжетімсіз болып тұр. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі хабарлайды.
Банк өзінің жүйесінде орын алған техникалық іркілістерге қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын. Мобильді қосымша мен ENPF-Otbasy интернет-платформасының жұмысы қазіргі кезде уақытша тоқтатылған.
Банк бөлімшелерінде қызмет көрсету, Баспана маркет платформасы арқылы операциялар жүргізу, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы жасалатын қаржылық әрекеттер әзірге қолжетімсіз. Байланыс орталығының қызметі де уақытша тоқтатылды.
Банктің хабарлауынша, бұл уақытша шектеулер банктік сервистерді жаңарту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен байланысты. Банк өкілдері қалыпты жұмыс тәртібі техникалық жұмыстар аяқталған соң бірден қалпына келтірілетінін атап өтті.
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды
