Семей қаласының көшелерінде көлік қозғалысы қиындады. Бұған жол бетінің тайғақ болуы себеп. Көлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жол жағдайы апат қаупін арттырып отыр, деп хабарлайды Arnapress тілшісі.
Әсіресе таңғы және кешкі уақытта автобус жүргізушілеріне қозғалыс жасау қиынға соғуда. Кей бағыттарда қоғамдық көліктер сырғып, аялдамаларға уақытылы тоқтай алмай жатқан жағдайлар да кездеседі.
Жүргізушілер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерге құм немесе топырақ себуді сұрайды. Олардың айтуынша, бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындары да жауапты мекемелерден жолдарды қысқа мерзімде өңдеуді өтініп отыр.
@arnapress Семей қаласының көшелерінде көлік қозғалысы қиындады. Бұған жол бетінің тайғақ болуы себеп. Көлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жол жағдайы апат қаупін арттырып отыр, деп хабарлайды Arnapress тілшісі. Әсіресе таңғы және кешкі уақытта автобус жүргізушілеріне қозғалыс жасау қиынға соғуда. Кей бағыттарда қоғамдық көліктер сырғып, аялдамаларға уақытылы тоқтай алмай жатқан жағдайлар да кездеседі. Жүргізушілер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерге құм немесе топырақ себуді сұрайды. Олардың айтуынша, бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
♬ оригинальный звук - Arnapress.kz
Гүлнұр АХМЕТЖАН
