Лента новостей

Семейде баға өсімі байқалды: жәрмеңкедегі негізгі өнімдер қанша тұрады?

Семейде баға өсімі байқалды: жәрмеңкедегі негізгі өнімдер қанша тұрады?

Жұма, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін Семей қаласындағы "Северный базарында" өтетін жәрмеңкеге Arnapress.kz тілшісі барып, халық жиі тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын біліп қайтты.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасына қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты базардағы қазіргі баға деңгейі салыстырылып, бақылауға алынды.

Жәрмеңке барысында ет бағасының қымбаттағаны байқалды. Атап айтқанда, жылқы еті 3200 теңгеден басталып, 3500 теңгеге дейін жеткен. Ал сиыр етінің бағасы 3400–3800 теңге аралығында сатылып жатыр.

Сонымен қатар, 5 келілік ұнның бағасы 1500 теңгеден басталып, 1800 теңгеге дейін көтерілген. Сарымсақ, сәбіз, картошка 250 теңгеден сатылса, қиярдың келісі 1450 теңге болған екен.

Бағадағы өзгерістер алдағы уақытта да бақылауда болып, мониторинг нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады деп үміттенеміз.

Айта кетейік, Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің сату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс деп хабарлаған болатын. 
Егер сауда үстемесінің асып кету белгілері анықталған жағдайда, тұрғындарға Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекенжайында орналасқан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе 8 (7222) 35-39-45 нөмірі арқылы хабарласу ұсынылады.

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото, видео: Arnapress.kz

Просмотров (340)
ТопДок 1