Лента новостей

Семейде автобус мәселесі: тұрғындар ұзақ уақыт күтуге мәжбүр

автобус

Семей тұрғыны, Arnapress.kz редакциясына хабарласқан оқырманымыздың айтуынша, кеше, яғни 8 қаңтар күні, "Торговый дом" аялдамасынан кешкі сағат 19:05 те 17 немесе 5 маршруттағы автобусты күтіп, үйіне "Северный" аялдамасына жетуге тырысқан. Алайда екі автобус та аялдамаға тоқтамай, өтіп кеткен.

Тұрғын 40 минут шамасында келесі маршруттарды күтудің еш нәтижесі болмаған соң, ақыры таксимен үйіне қайтқан.
Редакциямызға келген басқа да пікірлер көрсеткендей, бұл жағдай жергілікті тұрғындар арасында жиі қайталанып отыр. Автобустарды ұзақ күтіп, адамдардың күнделікті қатынасы қиындыққа ұшырайды.

Осы мәселені анықтау мақсатында Arnapress тілшілері Семавтопаркіне хабарласты. Өзін диспетчер деп таныстырған қызметкер нақты мәлімет бірден берген жоқ, одан кейін телефонға ұзақ жауап бермеді.

Тұрғындар мәселенің шешімін күтіп отыр, ал редакция осы жағдайды бақылауда ұстайды.

Еске сала кетейік, WhatsApp желісі арқылы "Ваша новость" айдарына хабарлама жіберуге болады: +7 708 504 30 05.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (545)
ТопДок 1