Бұған дейін қоғамдық көлік жүргізушісі көтерген елеусіз мәселелер елеуге алынды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Қоғамдық көлік тасымалын жекеменшік тасымалдаушы компаниялар жүзеге асырады. Аталған компаниялар жүргізушілерді жұмысқа қабылдап, қозғалыс кестесін бекітеді, еңбекақы төлейді және еңбек жағдайына жауапты. Бұл туралы инстаграмм желісіндегі жазбамызға Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, кері байланыс беріп, пікір қалдырды. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушілеріне демалыс пен түскі асқа арналған уақыт қарастырылған.
"Автобустардың қозғалыс кестесі тасымалдаушылар тарапынан жүргізушілердің үзіліс жасауына мүмкіндік беретіндей етіп жасалады. Сонымен қатар, қозғалыс уақыты жолаушылар ағыны мен жол жағдайына байланысты қалыптастырылады. Егер жекелеген бағыттарда түскі үзіліс уақыты жеткіліксіз болып, жүргізушілерге қолайсыздық туындаса, бұл мәселе тасымалдаушы компаниялармен бірлесіп, қозғалыс кестесін түзету арқылы қосымша қарастырылуы мүмкін" - дейді Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Сондай-ақ, соңғы аялдамалардағы санитарлық жағдай да назардан тыс қалған жоқ. Ол жайында былай делінген:
"Қаланың бірқатар соңғы аялдамаларында қоғамдық дәретханалар бар. Санитарлық қажеттілік жоғары аймақтарда биыл қолданыстағы дәретханаларды жөндеу және жаңа санитарлық нысандар орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар қоғамдық көлік жүргізушілерін қажетті еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында жалғасын табады" - депті көлікпресс.
Жүргізушілердің жалақысына қатысты да мәселе көтерілген еді, оған:
"Еңбекақыны тасымалдаушы компаниялар төлейді. Қоғамдық көлік жүргізушілерімен еңбек шарты тікелей тасымалдаушы компаниялармен жасалады және жалақы көлемі мен уақытында төленуі тікелей сол компания жауапкершілігінде. Қала әкімдігі жүргізушілердің тікелей жұмыс берушісі болып саналмайды және жалақы мөлшері мен төлем мерзіміне тікелей әсер етпейді. Дегенмен, тасымалдаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттік субсидиялар алады. Бұл қаражат кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеуге бағытталуы тиіс" - деген жауаппен шектеліпті.
Еңбекақы төлеуде кідірістер немесе заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, жүргізушілер еңбек инспекциясына немесе басқа да уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы екенін ескертеміз.
Фото жасанды интеллект арқылы жасалды
