Ұлттық статистика бюросында Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған мәліметтер ұсынылды деп хабарлайды Arnapress.kz.
2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамды құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 20,2 млн болған. Осылайша, бір жыл ішінде ел халқы шамамен 200 мың адамға артты.
Желтоқсан айында қала халқы 12,9 млн адамға жетіп, 100 мыңға көбейген. Ал ауыл халқының саны 7,4 млн-нан асып, бір жылда 116 мың адамға азайған.
Халқы ең көп өңір – Алматы қаласы (2,3 млн). Одан кейін Түркістан облысы (2,1 млн), Астана (1,6 млн), Алматы облысы (1,5 млн), Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы (1,2 млн) және Қарағанды облысы (1,1 млн-нан астам) орналасқан.
Ал, ең аз халық тығыздығы бар өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар, оның халқы – 219 200 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам, ал Абай облысы – 596 000 адам тұрады.
Айта кетейік, Қазақстан халқының саны 2023 жылдың қарашасында 20 миллионнан асқан. Осы тарихи межеге жетуге байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтаған болатын.
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды
