Лента новостей

Ұлттық қордан балаларға ақша қашан түседі?

деньги

Ұлттық қордан балаларға төлем тәртібі мен мерзімі жарияланды. Отбасы банктің мәліметінше, қаражат 1 ақпанға дейін аударылуы тиіс, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы – 2006 жылдан бастап туған барлық балаларға арналған мемлекеттік ұзақ мерзімді қолдау бағдарламасы. Қаражат Ұлттық қордың инвестициялық табысы есебінен қалыптасады.
Биыл бұл төлемді 2008 жылы туған балалар соңғы рет алады.

Бағдарлама аясында:

  •  әр балаға жеке есепшот ашылады;
  •  Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын сол есепшотқа аударылады;
  •  қаражат тек баланың атына жинақталады және 18 жасқа дейін пайдалануға болмайды;
  • 18 жасқа толған соң жинақты білім алуға немесе баспана сатып алуға қолдануға болады.

Қаражаттың түскенін ата-аналар банк қосымшалары арқылы немесе kids.enpf.kz сайты арқылы тексере алады.

Просмотров (895)
ТопДок 1