Лента новостей

Семей–Курчатов жолында мас трактор жүргізушісі ұсталды

жол, тәртіп, мас, азамат, ұсталды

Семей–Курчатов автожолында патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде трактор басқарған азамат ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға шамамен сағат 21:00-де болған. Полиция қызметкерлері жол бойымен қозғалып келе жатқан тракторды тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексерген. Тексеру барысында 42 жастағы Жарма ауданының тұрғынының көлік құралын басқару құқығы мүлде жоқ екені анықталды.

Сонымен қатар медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде, орташа дәрежедегі масаңдық жағдайында болғанын растады.

Сот шешімімен жүргізушіге 20 тәулік әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (408)