Жыл басынан бері Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері елді мекендердегі 145 граффити-жазуды анықтап, оларды өшіруді ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, оның 120-сында есірткіні заңсыз жарнамалау белгілері болған. Мұндай жазулар қоғамдық орындардың көркін бұзып қана қоймай, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға қауіп төндіреді.
Анықталған фактілер бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Құқық қорғау органдары есірткі жарнамасы бар жазуларды анықтау және жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Егер ғимарат қабырғасынан немесе басқа да қоғамдық орындардан есірткі жарнамасын байқасаңыз, бұл туралы 102 нөміріне хабарлауға болады.
Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин
