Абай ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған “Үздік көше – 2025” байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқаудың басты мақсаты - тұрғындарды өз көшелерін абаттандыруға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға және елді мекеннің көркеюіне үлес қосуға ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша Қарауыл ауылындағы Ораз Құтжанов көшесінің тұрғындары “Үздік көше – 2025” аталымында жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы көшенің тазалығын, тұрғындардың ұйымшылдығын және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуын жоғары бағалады.
Жеңімпаз тұрғындар көшені одан әрі абаттандырып, балалар үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың бастамасы қолдау тауып, Ораз Құтжанов көшесіне жаңа балалар ойын алаңы салынды.
Жаңа ойын алаңы балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік беріп, көшенің көркіне көрік қосты.
Осындай игі бастамалар тұрғындардың ортақ іске белсенді араласуына жол ашып, елді мекендерді абаттандыруға және қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Фото: Облыс әкімінің баспасөзінен
