Лента новостей

Семейде 24 жастағы әйел көлік жүргізу құқығынан айырылды

көлік, құқық, бұзу, мас, жаза

Семей қаласында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 24 жастағы әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп  хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Анықталғандай, қала тұрғыны Chevrolet onix маркалы автокөлікті Шәкәрім даңғылы бойымен басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

Сот шешімімен әйел жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Ал кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмады.

Құқық қорғау органдары көлікті алкогольдік масаң күйде басқару заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

 

Просмотров (514)