Лента новостей

Бес көрермен жиналмаса, кино көрсетілмей ме? Семейдегі жағдайға түсініктеме берілді

кинотеатр, аз көрермен, жауап

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүрген кинотеатрларда бес адамнан аз көрермен жиналған жағдайда сеанстың өткізілмеуіне қатысты сұраққа Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Семей қаласында бес кинотеатр жұмыс істейді.

"Былтыр олардың саны үшеу болған. Биыл тағы екі кинотеатр тиісті аккредиттеуден өтіп, жұмысын бастаған. Әрине мен ақтамаймын бұл мәселені, жеке меншік мекеме болғандықтан өздерінің белгілі шарттары мен тәртіптері бар", - деді басқарма басшысы Жанжігіт Омархан

Ал кинотеатр өкілдері сеанстардың өткізілу тәртібі өздерінің жеке қалауына байланысты емес екенін айтады.

"Фильмдер мен өзге де контент құқық иелерінен келісімшарт негізінде алынады. Сондықтан фильмдердің көрсетілім кестесі кинотеатр әкімшілігінің жеке шешімімен ғана белгіленбейді", - дейді кинотеатр өкілдері.

Ал көрермен саны аз болған жағдайда сеанстың не себепті өткізілмейтініне қатысты мәселе әлеуметтік желіде әлі де талқыланып келеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (163)