Лента новостей

Семей қаласында Республика күні қалай аталып өтіледі

Республика, күні, мереке, марапат, Семей

Алда Республика күні келе жатыр. Осыған орай Абай облысында қандай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатыны туралы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан брифингте сұрағымызға жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

“Республика күні салтанатты шара өтеді. Бұл ұлттық мерекеміз, сондықтан көптеген азаматтарымызға наградалар табысталады. Марапаттау рәсімін жеке салтанатты түрде өткізіп, кешкісін халыққа арналған жоба ұсынғымыз келеді. Осы жылдың басында облыс әкімі өзі жариялаған “Ұлылар елі” деген ән байқауы, сол байқаудың нәтижесін 23 қазан күні қорытындысын шығарып, гала-концертін Республика күніне орайластырамыз”, – деді Жанжігіт Омархан.

Просмотров (186)