Лента новостей

Семейде қандай жаңа мәдени нысандар салынады

мәдениет, брифинг, жоспар, театр, нысандар

Абайға құрмет акциясы аясында облыста бірқатар жаңа мәдени және шығармашылық нысанның құрылысы қолға алынған. Бұл туралы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Оның айтуынша, облыс әкімінің бастамасымен өңірде тұрғындарға арналған бірнеше әлеуметтік-мәдени нысан салу жоспарланған. Олардың қатарында жақында облыс әкімі хабарлаған “Болашақ сарайы” да бар.

“Абайға құрмет акциясы аясында облыс әкімінің бастамасымен облысымызда бірнеше мәдени нысандардың құрылысы басталды. Мысалы, Шымкент қаласының “Шығармашылық үйі”, Қызылорданың “Анаға тағзым”, Атырау облысының “Абай әлемі”. Осы жақында облыс әкімі хабарлаған “Болашақ сарайы” — осылардың барлығы шығармашылық, мәдени бағытталған әлеуметтік нысандар болады», – деді Жанжігіт Омархан.

Басқарма басшысы өңірде мәдени инфрақұрылымды дамыту қажеттігіне де тоқталды. Оның сөзінше, Семейде 1981 жылдан бері осындай ауқымды әлеуметтік нысандарды салу мәселесі қайта қолға алынып отыр.

“Облысымызда бұрын-соңды салынған әлеуметтік нысан 1981 жылы театр салынған екен. Содан бері міне, қолға алынып жатыр. Сәл шыдайық, алдағы 1-2 жылда бірнеше мәдени нысандарымыз болады. Сонда қайда барарымызды білмей жүрерміз”, – деді ол.

Сонымен қатар, Заря шағынауданында жаңа драма театрының ғимараты бой көтеретіні жайлы да сөз қозғалды.
Айта кетейін, қала әкімінің тыңдалымында театр құжаттары сараптамаға жіберілгені айтылға еді.

"Жаңа театрға қазіргі уақытта мердігер анықталып, құжаттар мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Сараптамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады", — деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.

Жаңа нысандардың салынуы өңірдегі мәдени және шығармашылық ортаны дамытуға, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бермек.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (439)