Лента новостей

Абай облысында тазалық ережесін бұзғандар жауапқа тартылуда

қоқыс, тастау, заң бұзушылық, ұсталуда

Абай облысында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластауға қатысты 10 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзудың – 9 916 фактісі,
қоғамдық орындарды ластаудың – 851 фактісі тіркелген.

Бүгінде қоғамдық тәртіпті бақылау үшін облыс аумағында 1 931 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның 1 013-і тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған.

Камера жазбалары құқық бұзушыларды анықтап, оларды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 73 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды.

Полиция көше, аула немесе қоқыс контейнерлері орналасқан алаң – қоқысты бейберекет тастайтын орын емес екенін ескертеді. 

Фото: ПД

Просмотров (108)
ТопДок 1