Лента новостей

Ценалитика Arnapress: Семейдегі көмір сататын жерлердің нақты бағасы және байланыс нөмерлері

көмір, сату, орны, бағасы, байланыс, нөмер, Семей

Жылыту маусымына дайындық кезінде Семей тұрғындарын көмірдің бағасы мен оны қай жерден сатып алуға болатыны қызықтырады. Осыған байланысты қаладағы көмір сатылатын бірнеше орынның бағасы, мекенжайы және байланыс нөмірлерін жинақтадық, деп хабарлайды Arnapress.kz 

Знаменская трассасы, 1-шақырым

Көмірдің бағасы – 18 000 теңге/тонна. Калиброванный және потребительский түрлері бар. Жеткізу жоқ, сол жердегі  көліктермен келісіп, жеткізуге болады. Айта кетейік, өткен жылы Arnapress.kz тілшісі жүргізген сараптамада көмірдің бағасы 16 600 теңге/тонна болған.
Байланыс телефоны: 8 7222 30 91 17. 

Восточный кенті, "Жігер СТ"

Көмірдің бағасы – 18 000 теңге/тонна. Жеткізу жоқ, сол жердегі  көліктермен келісіп, жеткізуге болады.
Байланыс телефоны: 8 702 307 77 67.

"Семей Көмір" ЖШС, 654-километр,

15 (72-квартал) Көмір бағасы – 18 000 теңге/тонна. Жеткізу құны – 2 240 теңге. Осы орайда, былтыр бұл жерде жеткізу құны көмірдің тоннасына 18500тг белгіленген бағаның құрамына кірген.
Байланыс телефоны: 8 705 639 16 16.

Көмірді мешокпен сатып алуға болады

Ірі ұйымдардан бөлек, Семейде көмірді шағын сауда орындарынан да сатып алуға болады. Мұндай жерлерде негізінен қапталған қатты отын сатылады. Мысалы, Семейдің сол жағалауында (Компос) калибрленген көмірдің бір мешогы 1 500 теңге, ал жай көмірлер 1200 теңге. Бір мешокта шамамен 40 келі көмір бар. 5 мешоктан бастап қала бойынша жеткізу тегін екені көрсетілген.

Ал Восточный кентінде бір мешок көмірдің бағасы – 1 200 теңге. Бір мешокта шамамен 38-40 келі көмір болады. 5 мешоктан бастап қала бойынша жеткізу тегін екені көрсетілген.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Рустам Айткуловтың айтуынша, қаладағы көмір сататын барлық орын қажетті көлемдегі көмірмен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері Семейде 76 мың тонна көмір сатылған және көмір сататын "Сухой порт" Алматы трассасы бойында жаңа орын ашылғанын да жеткізді, бірақ әзір толықтай көмірмен қамтылмаған екен. 

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видеосынан скрин

Просмотров (305)