Лента новостей

Астанада Қытайдан көлік әкелемін деп, 128 млн теңгені иемденген адам ұсталды

автосалон, алаяқтық, сату

Астанада Қытайдан көлік әкелемін деп, 128 млн теңгеден астам шығын келтірген автосалон директоры сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап. 

Автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктер сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасып келген.

"Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банк аударымдары жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған", - деді ведомстводағылар.

Алайда ол сатып алушылардан түскен ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған. Міндеттемелерін орындап жатқандай көріну үшін жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған.

Сотта оның әрекетінен 6 адам зардап шеккені және келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 128 млн теңгеден асқаны анықталды.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен автосалон директорына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Жасанды интеллект

Просмотров (257)