Лента новостей

Семейде автотұрақ орны үшін таласқан тұрғын жауапқа тартылды

бояу, сызу, көлік, тұрақ

Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінің жанында асфальтке бояумен "Көлік тоқтату орнын иемденбеңіз" деген сөз жазғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар бояу жанында тұрған автокөлікке де тиіп, шығын келтіргендіктен, көлік иесі полицияға шағымданған.

Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы тәртіп сақшылары оқиғаның 25 қыркүйекте түнгі сағат 02:26 шамасында болғанын анықтады. Құқық бұзушы – 40 жастағы қала тұрғыны.

Ортақ пайдаланылатын орындарды бүлдіргені үшін азаматшаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ол өз әрекетінің салдарынан келген залалды өз бетінше қалпына келтірді.

Абай облысының Полиция департаменті көлік тұрағына байланысты келіспеушіліктерді тек заңды жолмен шешу қажеттігін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзу мен өзге де мүлікті бүлдіруге жол берілмейді.

Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин

Просмотров (636)