Лента новостей

Абай облысында 228 азамат полиция бөлімшелеріне жеткізілді

баспанасыз, жандар, көмек

Абай облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған, баспанасыз, құжатсыз және жақындарының қолдауынсыз қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында "Қаңғыбас" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтап, оларға дер кезінде қажетті көмек көрсету.

Жыл басынан бері Семей қаласында полиция бөлімшелеріне 228 адам жеткізілді. Оның ішінде 51 адам арнайы қабылдау орнына орналастырылса, 177 азаматтың жеке басы анықталды.

Әр адамның тағдыры әртүрлі. Бірі баспанасынан айырылса, енді бірі туған-туыстарымен байланысын үзген. Кейбір азаматтар өміріндегі қиындықтарды өздігінен еңсере алмайтын жағдайға тап болған.

Полиция қызметкерлері құжаттары жоқ азаматтардың жеке басын анықтап, құжаттарын қалпына келтіруге, тіркеуден өтуге, әлеуметтік және құқықтық көмек алуға жәрдемдеседі. Әсіресе мұндай жағдайға алғаш рет тап болған адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар полициямен қатар әлеуметтік қызметтердің де қатысуын талап етеді. Себебі кей жағдайда адамға бір реттік көмекпен шектелмей, ұзақ мерзімді қолдау қажет.

Фото: Полиция департаментінен

 

Просмотров (442)
ТопДок 1