Семейде Қала күніндегі мерекелік концерт барысында адам көп жиналған жерде 12-ден астам бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері әрбір өтінішке жедел әрекет етіп, балалардың барлығын қысқа уақыт ішінде тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды.
Олардың арасында шамамен екі жастағы сәби де болды. Сонымен қатар бір отбасының бірнеше баласы бір мезетте мерекелік көпшілік ішінде ата-анасынан көз жазып қалған.
Полиция қызметкерлері мерекелік шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, тұрғындарға қажетті көмек көрсетті.
Фото: Полиция департаментінен
