Лента новостей

Семейде заңсыз қоқыс төккен "Газель" иесі жазаланды

қоқыс, тастау, құқық, бұзушылық, Семей

Семей қаласында Бейбітшілік аралына заңсыз қоқыс төккен "Газель" автокөлігінің иесі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тұрғын үй - коммуналдық шаруашылыққа сілтеме жасап. 

Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынды.

Сонымен қатар заңсыз төгілген қоқыс автокөлік иесінің өзіне шығартылып, аумақ тазартылды.

Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Қала тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырады. 

Осы бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Фото: ЖКХ видеосынан скрин

Просмотров (314)
ТопДок 1